Батыс Қазақстан филиалының тарихы

Қазақстанның Батыс өңірінде ғылым мен техниканың түп тамырын терең зерттейтін ғылым салалары туралы құжаттар қорын жүйелі жинақтап, сақтаушы орталық- ғылыми техникалық кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің тапсырысы негізінде 1975 жылы 10 қарашада Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің №601 бұйрығымен арнайы құрылған.

     1999 жылы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №993 қаулысы негізінде  Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы Республикалық ғылыми- техникалық кітапханысымен біріктіріліп, РМҚК «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Батыс Қазақстан филиалы болып құрылды.

         Филиал заңды тұлға болып есептелмейді, Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы Президенті бекіткен Батыс Қазақстан филиалы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Ережесі негізінде жұмыс жасайды. Өз мөрі, банкте есеп шоты, жеке балансы бар.

2. Кітапхананың толық атауы: «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының» Батыс Қазақстан филиалы.

     3. Кітапхана  қызметі Батыс Қазақстан филиалы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Ережесі негізінде анықталады, мақсаты Батыс Қазақстан облысының  ғылыми-техникалық дамуына ақпаратпен қамтамасыз ету, кітапхана өзінің өзгешелігіне байланысты тиісті қорды  түрі мен тақырыбына байланысты қалыптастырып, ғылым мен техника саласындағы жетістіктерді көрсететін, соның негізінде мемлекеттік сұраныс  пен  кітапхана қызметін, ғылым, өнеркәсіп, білім және мемлекеттік басқару саласындағы мамандардың сұранысын қанағаттандыруға атсалысу.

Филиалдың  негізгі  қызметі:

        – Батыс Қазақстан облысының экономикасының дамуын ескере отырып, анықтамалық- ақпараттық қорды қалыптастыру;

        – арнайы нормативті және патенттік әдебиеттер қоры мен құжаттарға анықтамалық-іздестіру аппаратын, дәстүрлі нұсқадағы, оптикалық дисктегі кітаптар, мерзімді басылымдар, библиографиялық және толық  мәтінді мәліметтер базасын жинақтау;

      –  әдебиеттер мен құжаттарды ғылыми өңдеу және дәстүрлі немесе электронды каталогтар көмегімен оның мазмұнын ашу;

      -жөндеу және кітапхана қорының сақталуы, құнды түпкілікті сақтау, жөндеу және кітапхана қорының  сақталуын қамтамасыз ету,  мәңгілік сақталатын құнды  құжаттарды сандық тасымалдау құралдарына  көшіру.                          

Оқырмандарға кітапханалық және анықтама-ақпараттық қызмет  көрсету кітапхананың  негізгі міндеті;

4. Біздің ғылыми-техникалық кітапхана Батыс Қазақстан өңіріндегі ұдайы өсіп отыратын техникалық, патенттік және нормативті құжаттар қоры бар ақпарат орталығы болып саналады. Біз тек қана жекелеген оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар түрлі мекемелер мен ұйымдарға,  – ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына,құрылыс компанияларына, жекелеген кәсіпкерлер мен өнертапқыштарға да түрлі кітапханалық –библиографиялық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетеміз.

Филиалдың басым бағыттарының бірі – пайдаланушылардың отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға еркін, тең қолжетімділігін ұйымдастыру, электрондық жинақтауға ерекше назар аударылады. Пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру үшін келесі электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік ұсынылады:

  • ҚР еңбек бойынша электрондық журналдар, “МЦФЭР Қазақстан” ЖШС, “ИВИС” ЖШҚ,
  • “Параграф” ақпараттық жүйесіндегі “Құрылыс шебері” жинағы, “ИнфоТехСервис” ЖШС және т.б.

Кәсіпорындардың сұраныстары бойынша нормативтік құжаттама қорларын жаңарту жүргізіледі.

Оқырмандардың негізгі санаттары – инженерлік-техникалық және ғылыми қызметкерлер, кәсіпкерлер, қызметкерлер, техникалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен, олардың нәтижелерін коммерцияландырумен, білім берумен, техникамен, өндіріспен және инновациялық қызметпен айналысатын мамандар.

    Кітапханада түрлі техникалық кітаптармен қатар, техникалық сипаттағы барлық басылымдар, құрылыстықнормалар мен ережелер жинағы, санитарлық ережелер, түрлі техникалық мамандықтарға лауазымдық нұсқаулар, өнеркәсіп каталогтары, экологиялық бағыттағы әдебиеттер, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі құжаттар жиынтығы бар және ұдайы толықтырылып тұрады.

Сондай-ақ құрылыс, ведомстволық нормативті құжаттар, өрт қауіпсіздігі, Энегетика, түрлі диссертациялардың электронды нұсқалары қазіргі заман талабына сай жаңартылып отырылады.

5. Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-техникалық кітапхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 шілдедегі №993 Қаулысымен Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білімм министрлігінің «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» РҒТК атты республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының» шаруашылықты жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны  «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың» Батыс Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының» шаруашылықты жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны  «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» құрылымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық кәсіпорындарын қайта  ұйымдастыру туралы» 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 және  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі Қаулысына толықтырулар негізу туралы» 2006 жылғы 18 тамыздағы №785 Қаулыларына сәйкес құрылған.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар жайындағы» 2003 жылғы 13 мамырдағы заңына сәйкес және «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ директорлар Кеңесінің (хаттама №2 от 14.04. 2008ж)  шешімімен  «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының» Батыс Қазақстан филиалы АҚ құрылды.

2022 жылы құрылымдық-құқықтық формасының өзгеруіне байланысты Коммерциялық емес Акционерлік қоғам болып өзгертілді.