Батыс Қазақстан филиалының тарихы

Құрылған күні мен орны: Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің тапсырысы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 10 қарашадағы №601 өкімі негізінде арнайы құрылды. Ол Қазақстанның батыс өңірінде ғылым мен техника салалары бойынша құжаттар қорын жүйелі жинақтап, сақтайтын орталық болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 шілдедегі №993 қаулысы негізінде «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы болып қайта құрылды.

Филиал заңды тұлға болып табылмайды, РҒТК Президенті бекіткен
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Батыс Қазақстан филиалы туралы ереже негізінде жұмыс істейді. Дөңгелек мөрі, мөртабандары, банкте ағымдағы шоты және дербес балансы бар.

2. Кітапхананың толық атауы: «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Батыс Қазақстан филиалы («РҒТК» КЕАҚ БҚФ).

3. Кітапхана қызметі «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Батыс Қазақстан филиалы туралы ережемен айқындалады. Оның мақсаты – өзіне бекітілген түрлер мен тақырыптар бойынша ғылым мен техника жетістіктерін көрсететін қорларды қалыптастыру, солардың негізінде мемлекеттік тапсырысты, сондай-ақ ғылым, өндіріс, білім беру және мемлекеттік басқару салаларында жұмыс істейтін облыс мамандарының сұраулары бойынша ақылы кітапханалық қызметтер мен жұмыстарды орындау арқылы Батыс Қазақстан облысының ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге қатысу.

Филиал қызметінің мәні:

— Батыс Қазақстан облысы экономикасының дамуын ескере отырып, анықтамалық-ақпараттық қорды қалыптастыру;

— дәстүрлі тасығыштардағы және оптикалық дискілердегі кітаптарды, мерзімді басылымдарды, нормативтік және патенттік әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері қорларына анықтамалық-іздестіру аппаратын, библиографиялық және толық мәтінді деректер базаларын сатып алу;

— әдебиеттер мен құжаттаманы ғылыми өңдеу және дәстүрлі әрі электрондық каталогтар жүйесі арқылы олардың мазмұнын ашу;

— кітапхана қорын тұрақты сақтау, қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету, мәңгілік сақтауға арналған ең құнды материалдарды машинада оқылатын тасығыштарға көшіру;

Кітапхана қызметінің негізгі бағыты – пайдаланушыларға кітапханалық және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету, оның ішінде автоматтандырылған режимде.

4. Қоғам ішіндегі байланыстар мен қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың салыстырмалы түрде тұрақты нысаны ретінде кітапхананы толық негізбен әлеуметтік институт деп анықтауға болады.

Біздің ғылыми-техникалық кітапхана Батыс Қазақстан өңіріндегі ұдайы толығып отыратын техникалық, патенттік және нормативтік құжаттар қоры бар ақпарат орталығы болып саналады. Біз жекелеген оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар түрлі мекемелер мен ұйымдарға: ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына, құрылыс компанияларына, жекелеген кәсіпкерлер мен өнертапқыштарға да кітапханалық-библиографиялық және кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетеміз.

РҒТК басынан-ақ қорының құрамы бойынша басқа кітапханалардан ерекшеленді. Оның басым бөлігін ғылыми-техникалық құжаттар: әмбебап тақырыптағы патенттер, стандарттар, өнеркәсіптік каталогтар құрады; олармен жұмыс дәстүрлі кітапханалық тәжірибеден өзгеше және әр түрі бойынша өзіндік ерекшелігі бар. Ғылыми-техникалық әдебиеттің, патенттік және нормативтік құжаттардың осы ажырамас кешені кітапханаға кез келген дерлік ғылыми-техникалық өнім туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді: техникалық идеяның пайда болуынан, патент алудан, технологиялық процесті әзірлеу мен енгізуден, қажетті материалдар мен жабдықты таңдаудан бастап дизайн әзірлеуге, өндірісті ұйымдастыруға, қаптама дайындауға, дайын өнімді жарнамалауға, өткізу нарығын зерттеуге және серіктестер іздеуге дейін. Тағы бір ерекшелігі – өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы.

«РҒТК» БҚФ техника, өнеркәсіп экономикасы және сабақтас салалар бойынша әдебиеттер депозитарийі, патенттік құжаттаманың ұлттық қоймасы, КАА жөніндегі өңірлік орталық болып табылады.

Филиалдың басым бағыттарының бірі – пайдаланушылардың отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға еркін, тең қолжетімділігін ұйымдастыру, электрондық жинақтауға ерекше назар аударылады. Пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру үшін келесі электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік ұсынылады:

— «МЦФЭР Қазақстан» ЖШС-ның ҚР еңбек жөніндегі электрондық журналдары, «ИВИС» ЖШҚ,

— «ИнфоТехСервис» ЖШС «Параграф» ақпараттық жүйесіндегі «Строймастер» жинағы және т.б.

Кәсіпорындардың сұраулары бойынша нормативтік құжаттама қорлары өзектендіріледі.

Оқырмандардың негізгі санаттары – инженерлік-техникалық және ғылыми қызметкерлер, кәсіпкерлер, қызметшілер, техникалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен, олардың нәтижелерін коммерцияландырумен, білім берумен, техникамен, өндіріспен және инновациялық қызметпен айналысатын мамандар.

Кітапханада түрлі техникалық кітаптармен қатар техникалық сипаттағы барлық басылымдар, құрылыстық нормалар мен ережелер жинағы, санитарлық ережелер, түрлі техникалық мамандықтарға арналған лауазымдық нұсқаулықтар, өнеркәсіп каталогтары, экологиялық бағыттағы әдебиеттер, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі құжаттар жиынтығы бар және ұдайы толықтырылып тұрады.

Сондай-ақ құрылыс, ведомстволық нормативтік құжаттар, өрт қауіпсіздігі, энергетика бойынша құжаттар және түрлі диссертациялардың электрондық нұсқалары қазіргі заман талабына сай жаңартылып отырады.

5.  1999 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 шілдедегі №993 қаулысы негізінде Орал облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» (РҒТК) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.

2006 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» 2005 жылғы 20 қыркүйектегі №929 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі №929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 18 тамыздағы №785 қаулылары негізінде «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы болып құрылды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-ІІ «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы мен Жарғыға сәйкес және «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімін (2008 жылғы 14 сәуірдегі №2 хаттама) орындау үшін «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» акционерлік қоғамының (РҒТК АҚ) Батыс Қазақстан филиалы құрылды.

2022 жылы кітапхананың ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін ол коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) болып өзгертілді.